АСТАНА. KAZINFORM — Астана қаласындағы №70 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Аңсат Алдияр Исатайұлына «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» атағы табысталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Бұл — елімізде мектеп оқушысына тұңғыш рет беріліп отырған мәртебелі марапат.
Жас шахматшы Алдияр Қазақстан спортының мақтанышы саналады. Ол әлемдік деңгейдегі түрлі беделді жарыстарда қарсыластарын артта қалдырып, бірнеше мәрте жеңімпаз атанды.
Әлем чемпионаттары мен халықаралық турнирлерде топ жарып, ел намысын қорғап, көк туды биікте желбіреткен жас әлем чемпионы.
Айта кетейік, Бибісара Асаубаева Өзбекстандағы турнирде қола жүлдегер атанды.
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.