Канададағы Калгари қаласында жасөспірімдер арасында шорт-тректен әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Бұл додада Қазақстан құрамасы ерлер арасындағы 3 000 метрлік эстафетада және аралас командалық 2 000 метрлік эстафетада тарихи қола жүлдені иеленді.
Айта кетерлігі, бұл жетістікке Астана қаласының үш спортшысы – Дінмұхамедәлдияр Тәжібай, Нұрлан Қайырбеков және Богдан Вехов үлесін қосты.
Осылайша, Астана қаласының спортшылары әлемдік деңгейдегі бәсекеде екі бірдей қола медаль жеңіп алып, ел намысын абыроймен қорғады.
Бұған дейін шорт-тректен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы бір күміс, үш қола медаль алғанын жазған едік.