Астаналықтар 2 аптада үйлі бола алады

Коллаж: Kazinform/ Freepik

АСТАНА. KAZINFORM — «Отбасы банк» ұсынған бағдарлама 30 желтоқсанға дейін өтінім қабылдайды. Бұл туралы «Бүгін LIVE» студиясына қонақ болған тұрғын үй сарапшысы хабарлады. 

— Қазіргі таңда Астана қаласында 30/70 бағдарламасы бойынша үй алу үшін сыйақы мөлшерлемесі де талап етілмейді. Мысалы, әдетте үй алу үшін шотта 14 ай бойы ақша жинақталуы қажет. Алайда қазір «Отбасы банкте» шоты 18 ай бойы ашық тұрған, алайда ішіне бірде-бір теңге салмаған азаматтар үшін арнайы мүмкіндік бар. Бұл бағдарлама Жаңа жыл қарсаңында, тек 30 желтоқсанға дейін ғана қолжетімді. Бағдарламаның ерекшелігі — жинақ мүлде қажет емес. Бастапқы жарнаны бүгін салып, бірден үй алуға болады. Үйді тек «Отбасы банк» бекіткен атаулы құрылыс компанияларынан ғана сатып алуға рұқсат етіледі. Ол компаниялардың нақты тізімін «Отбасы банкке» барып білуге болады. Сонымен қатар, бұл бағдарламада зейнетақы жарналарына да қарамайды. Ең басты талап — ҚР азаматының «Отбасы банкте» 18 ай бойы шоты болуы. Рәсімдеу уақыты шамамен 2 апта, — дейді Аружан Үйсінбай.

Үй аламын деген жандар үшін «Отбасы банк» тағы бір бағдарлама ұсынады.

— 50/50 бағдарламасы көбіне мынадай жағдайдағы адамдарға арналған: кей азаматтар «үйімді саттым, қолымда бастапқы жарна бар, 30 миллион теңгелік үй алғым келеді, оның 15 миллионын қазір төлей аламын, бірақ 6 ай күткім келмейді, себебі 6 айдан кейін үй бағасы қымбаттап кетеді» деп жатады. Дәл осындай қолында бастапқы жарнаның 50 немесе 30 пайызы дайын тұрған жандар үшін бұл бағдарламалар өте тиімді. 30 желтоқсанға дейін үлгеруге болады. Қазіргі таңда біз 3 отбасыға көмектестік. Олар күтпей-ақ, 2-3 бөлмелі пәтерлерін алып жатыр. Бірақ бұл бағдарламада бастапқы жарнаның болуы міндетті. Себебі бастапқы жарна болмаса, адамдар екі жаққа бірдей несие төлеп, қаржылай қиындыққа тап болуы мүмкін, — дейді сарапшы.

Еске сала кетейік, 1 қаңтардан бастап өңірлік ипотекалардың бастапқы жарна сертификаты 2,5 млн теңгеге өседі