Астаналықтар Олимпиада жүлдегері Нұрбек Оралбайды қарсы алды

Фото: Фото: Агибай Аяпбергенов/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай елордаға оралды. 

Жеңімпаз боксшыны қарсы алуға Астана әуежайында бір топ қауым жиналды, арасында БАҚ өкілдері де бар. 

Фото: Агибай Аяпбергенов/ Kazinform

«Қолдауларыңызға рахмет! Өкінішке қарай, екінші орын болып қалды. Сіздер үшін алтын алғым келген. Қазақ елін қуантып, Әнұранды шырқатқым келген еді. Келесі Олимпиадада бар күшімді салып, елге абыроймен оралып, қазақ елін қуантам деп ойлаймын. Баршаңызға рақмет!» - деді Париж Олимпиадасының күміс жүлде иегері Нұрбек Оралбай елорда жұрты алдында.

Фото: Агибай Аяпбергенов/ Kazinform

Еске сала кетейік, бокстан ерлер арасында 80 келі салмақта Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды. Ол финалда украиналық Александр Хижнякпен жұдырықтасып, жеңіліп қалды.

Фото: Агибай Аяпбергенов/ Kazinform

Сондай-ақ, отандық боксшы келесі Олимпиадада алтын алуға уәде берді.

Фото: Агибай Аяпбергенов/ Kazinform

Айта кетсек, Kazinform тілшісі Нұрбек Оралбайдың шаңырағына арнайы барып, ата-анасымен, туыстарымен тілдескен еді