Астаналықтар телефонға емес, кітапқа үңілді: марафонға 126 мың адам қатысты

АСТАНА. KAZINFORM — Астана тұрғындары республикалық «Оқитын ұлт» марафоны аясында 100 мыңға жуық кітап оқыды. Ұлттық жобаға бүгінде 126 926 елорда тұрғыны қатысып жатыр. Олардың қатарында мектеп оқушылары, студенттер, педагогтер, мемлекеттік қызметшілер және түрлі сала өкілдері бар, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Фото: Астана әкімдігі

16 қарашадағы мәлімет бойынша, марафонға қатысушылар оқыған шығармалары туралы пікірлерін қалдырған. Оның ішінде 93 768 пікір модерациядан сәтті өтіп, оқырмандарға тиісті ұпайлар есептелген.

Фото: Астана әкімдігі

Марафонға ең көп қатысып жатқан — елордалық мектеп оқушылары.

Фото: Астана әкімдігі

«Оқитын мектеп» бағыты 50 566 қатысушыны біріктіріп, ең ауқымды бағытқа айналды. Олар оқыған кітаптары туралы 37 751 пікір қалдырған.

Фото: Астана әкімдігі

Жобаға студент жастар да белсенді қатысуда. «Оқитын университет» бағытына 21 640 адам тіркеліп, 7 475 пікір жариялаған. Ал елордалық колледждерден 20 632 қатысушы қосылып, 20 566 кітап оқыған.

Фото: Астана әкімдігі

Марафонға 10 447 педагог те қатысып жатыр. Олар 17 593 пікір қалдырған. Оның 17 045-і модерациядан өткен.

Фото: Астана әкімдігі

Елорда аудандарының тұрғындары арасында да оқуға деген қызығушылық жоғары.

Фото: Астана әкімдігі

Айта кетейік, «Оқитын ұлт» ұлттық жобасы кітап оқуды насихаттауға, отандық және әлем әдебиетіне деген қызығушылықты арттыруға, сондай-ақ халық арасында оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Фото: Астана әкімдігі

Марафонның кітап оқу кезеңі 2027 жылғы 9 наурызға дейін жалғасады.

Фото: Астана әкімдігі

Одан кейін қатысушылар тестілеу мен зияткерлік квиздерге қатысады.

Фото: Астана әкімдігі

Барлық кезеңнің қорытындысы бойынша республикалық деңгейде жылдың үздік 10 оқырманы анықталады.

Бұған дейін Ұлттық кітапханаға келетін жастар саны көбейгенін жазғанбыз.