Астаналық 46 мектеп түлегі әкімнің білім грантына ие болды

ТАНА. 23 қыркүйек. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін ағымдағы жылы мектеп бітірген 46 түлек Астана қаласы әкімінің әлеуметтік білім гранттарына ие болды

Гранттарды елорда басшысының орынбасары Аида Балаева табыстады.

Оның атап көрсеткеніндей, Астана қаласы әкімінің білім гранттары 2004 жылдан бастап, әлеуметтік көмекке аса зәру - тұл жетімдерге, туа біткен мүгедектерге, балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне, көп балалы отбасылар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға беріліп келеді.

«Осы уақытқа дейін мұндай гранттар 253 балаға берілді. Олардың 105-і жоғары оқу орындарын тәмамдап, экономиканың түрлі салаларында қызмет етіп жүр», - дейді А. Балаева.

Ағымдағы жылы осы мақсатта қала бюджетінен 41,4 миллион теңге бөлінген. Әкімнің гранттары елорданың еңбек нарығына барынша қажетті - техникалық, педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетіне, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне бағытталды.