«Елордада мектепке дейінгі білім беру ұйымына қабылдау «INDIGO: Электронды балабақша» ақпараттық өнім арқылы балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға тікелей байланыссыз және жылдам қабылдауды қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылдың шілдесінен бастап электронды типтік келісім-шарт енгізілген.Балалардың қатысуының ашықтығын толық бақылау үшін ата-аналарға сабаққа қатысу жазбаларын көруге рұқсат берілді. Сонымен қатар биылдан бастап «Электронды балабақша – Тағамды бақылау» жобасын енгізу жоспарлануда», - деді ол өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.
Сондай-ақ, ол қаладағы білім беру ұйымдарының бәрі цифрлық бейнебақылаумен қамтамасыз етілгенін атап өтті.
«Барлық камералар мен дабыл түймелері Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына қосылған. Орнатылған камералар барлық талаптарға сәйкес келеді. Білім беру объектілерінде қауіпсіздікті 1 санаттағы лицензиясы бар, жеке күзет компаниялары қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, барлық білім нысандары турникеттермен қамтамасыз етілген», - деді Нариман Еламанов.