«Басты мақсат – пациенттерге препараттарды жеткізу жүйесін цифрландыру, дәрілік заттардың дербестендірілген есебін жүргізу. Мұнда берілетін дәрі-дәрмектердің саны автоматты түрде бақыланады. Бұл бөлімшенің бірегейлілігі: медициналық дәрі-дәрмектерге жұмсалатын шығыстарды үнемдеу. Сонымен қатар, дұрыс емес тағайындаулар мен емдеу қаупі азаяды. Алдын ала есептеулер бойынша жоба жылына 400 млн теңгеге дейін бюджетті үнемдеуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті елордалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов.
Госпиталдық фармация бөлімшесінің жобасы бүкіл әлемде қолданылады және халықаралық талаптардың бірі болып табылады. Қазір қала бойынша 9 стационар жұмыс істейді, алдағы уақытта бұл жүйені барлық көп бейінді ауруханаларға енгізу жоспарлануда.