Астаналық әйел сот арқылы iPhone көшірмесінің құнын өндіріп алды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Апельсин-2015» ЖШС интернет-дүкені арқылы iPhone 5С смартфонының көшірмесін сатып алған әйел, ондағы ақауларды байқап, телефон ақшасын қайтарып алуды шешкен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол ұялы телефон үшін төлемді жауапкердің шотына «пошталық ақша аударымы» желісі арқылы жіберген.

«Ұялы телефоннан ақау тапқаннан кейін, оны қайта жөнелтіп, сатушыдан ақшасын қайтаруды талап еткен. Жауапкер өз кезегінде сатып алушы талабына мән бермеген. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, тұтынушылар тиісті немесе тиіссіз сападағы тауарды қайтару немесе айырбастау құқығына ие», - деп хабарлады Астана сотының баспасөз қызметінен.

Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты жауапкерден телефон құнын өндіру туралы талап-арызды қанағаттандырды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.