Астаналық әйелдер демографияны көтеруге ден қойып келеді

АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат - 2012 жылы соңғы үш айда Астана қаласында 4585 нәресте дүниеге келді.

Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы хабарлағандай, соңғы статистикалық зерттеулерге сәйкес, Астанадағы бала туу көрсеткіші 9,1 пайызға өсті. Биылғы үш айда 4585 елордалық сәби дүние есігін ашса, өткен жылы бұл көрсеткіш 4 203-тің шамасында болды.