Астаналық «Барыс» Гагарин кубогы үшін жарысты аяқтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың «Барыс» командасы ҚХЛ плей-офф кезеңінің екінші айналымының алтыншы матчында «Салават Юлаев» командасына есе жіберіп алып, Гагарин кубогы үшін жарысты аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Кездесу Уфа қаласында өтіп, 3:2 есебімен жергілікті команданың жеңісімен аяқталды. Ойындағы алғашқы есепті алаң иелері ашты. Атап айтқанда, Иван Вишневский 4-ші минута ашса, 13-ші минутта барыстық Евгений Блохин есепті теңестірді.

Матчтың екінші кезеңінде бірде-бір шайба соғылмады. Ал үшінші айналымда қақпаға үш бірдей гол соғылды. Ойынның 43-ші минутында Игорь Мирнов ерекше көзге түсті. Ал 52-ші минутта Антон Слепышев есепті 3:1 көрсеткішіне жеткізді. Матчтың аяқталуына 3 минут уақыт қалғанда Найджел Доус қарсыластарға бір шайба салғанымен, алаң иелері соққыны одан әрі еселеуге мүмкіндік бермеді.

Осылайша, кездесу 3:2 есебімен «Салават Юлаевтың» жеңісімен ақталды. Шығыс конференциясының ақтық сынында уфалық команда магнитогорлық «Металлургпен» кездеседі.