Ойын басталардың алдында турнирдің салтанатты ашылуы болды. «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин жиналған қауымды турнирдің басталуымен құттықтады.
Елордалық хоккей жанкүйерлері асыға күткен бұл сайыста «Барыстың» жаңа 9 ойыншысымен танысты және есепті бірінші болып солардың бірі ашты. Кездесу 4:2 есебімен аяқталды.
Астаналықтардың құрамында Максим Худяков (3.13), Лукаш Кашпар (20.13), Вадим Краснослободцев (34.14), Иржи Новотны (38.22) көзге түсті. «Атланттықтардан» Сергей Мозякин (24.19) мен Евгений Нурисламов (50.37) шайба соқты.
Тамыздың 10-ы мен 14-і аралығында өтетін бұл сайысты «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы мен Қазақстанның шайбалы хоккей федерациясы ұйымдастырып отыр. Турнирдің ақпараттық демеушісі - «Нұр Медиа» медиахолдингі. Турнирға төрт елдің, атап айтқанда Ресей Федерациясы, Латвия, Беларус Республикасы мен Қазақстанның командалары қатысуда.