Астаналық «Барыс» омбылық «Авангард» командасынан басым түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астаналық «Барыс» КХЛ-дің плей-офф кезеңінде омбылық «Авангард» командасынан басым түсті - 4:1.

Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.

«Барыс» - «Авангард» 4:1 (0:0, 2:0, 2:1)

Сериядағы есеп: 3:3

Шайбалар:

1:0 - 24:38 Савченко (Литвиненко, Руденко).

2:0 - 26:49 Старченко (Антропов).

2:1 - 44:59 Семёнов (Гончаров, Лямин).

3:1 - 55:30 Доус (Бойд).

4:1 - 59:34 Пушкарёв (Доус).