деп хабарлайды ҚазАқпарат «Барыс» хоккей клубының фан-клубына сілтеме жасап.
Жексенбі күні кешке қазақстандық «Барыс» үшінші кездесуін өткізді. Швейцарлық екінші дивизионның «Ла-Шо-де-Фон» клубымен болған ойында Андрей Шаяновтың тәрбиеленушілері 5:4 есебімен жеңіске жетті. Бұл - астаналық клубтың үшінші жеңісі.
Кевин Даллмэн, Томаш Клоучек пен жақында келісімшартқа қол қойған Дэвид Немировски Швейцарияда бірде-бір ойынға қатысқан жоқ. Похрадски де соңғы матчты өткізді. Штумпель, Летовски және Спиридоновтарға да демалыс берілді.
Нәтижесінде жолдастық кездесуде «Барыстың» Романов, Рымарев, Глазачев, Жайлауов, Фадеев, Шин сынды ойыншылары шайба соқты.