Астана қалалық Жастар саясаты басқармасының қолдауымен фестивальге Астана қаласының атынан "TwentyThreeStyle" би командасы аттанған болатын. Халықаралық фестивальдердің бірнеше дүркін жеңімпаздарынан құралған бишілер командасы фестивальге бірегей номерлер дайындады.
Сайыс екі кезеңнен тұрды. Соңғы кезең - бір-біріне қарсы баттл сайысы өте тартысты өтті. Баттл аясында қатысушылар өздерінің шеберлігін, күрделі элементтерді көрсетті. Сайыс нәтижесі бойынша елордалық "Twenty Three Style" командасы бас жүлдеге ие болып, Ұлыбританияда өтетін әлем біріншілігіне жолдаманы қанжығаларына байлады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.