Астаналық бишілер Лос-Анджелеске баруы мүмкін

АСТАНА. 18 маусым. ҚазАқпарат - Астананың 14-жылдығы мерекесі кезінде өтетін көше билері фестивалінің қатысушылары шетелге сапар шегуі мүмкін. Бұл туралы фестиваль продюсері Нұрсұлтан Тәшенов мәлімдеді.

- Жеңімпаз атанған биші Лос-Анжделесте өтетін көше билерінің әлем чемпионатына қатысуы мүмкін. Биылғы фестивальге  атақты «Бір қадам алға-4»  фильміне түскен биші келеді, - дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Астана күні мерекесі кезінде International street  dance session'12 in Astana халықаралық фестивалі өтеді. Шара қонақтары  «Не все сказано» мен «Triple-N» топтары. Ал шақырылған қазылар алқасының құрамында house Babson  (Франция), hip-hop: Salas (Франция), waacking: Weon G (Корей), show: Free Boogie (АҚШ), рopping: Slim Boogie (АҚШ), show: Michael DUO Terrel (АҚШ) сынды танымал шеберлер бар.