«Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында «Қазақстанда жасалған» акциясын іске қосуды ұсынды. Мұны екі қолымды көтеріп, «иә» деп қолдаймын! Қазақстанда отандық тауарлар көп болуы тиіс дегенге толықтай келісемін. Бастамаға оң баға беремін. Қазір дағдарыс жағдайында өз өндірісімізді дамыту маңызды. Өнім бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Бастысы, баға бойынша бәсекелестерге жол бермеген жөн», - деп атап өтті бизнесмен.
Ол біздің өнім шетелдіктен еш төмен емес деп санайды. Кейбір жағынан тіпті артық, себебі экологиялық таза өнімдер. «Президент күрделі кезеңде патриот болуға, қазақстандық тауарларды сатып алуға үндеді. Егер тауарға сұраныс өссе, дүкендерде де тез өтеді. Мемлекет басшысының бастамасын мыңдаған қазақстандықтар, әсіресе бизнес өкілдері қолдайтынына сенімдімін», - деп қосты А. Жалғарымов.