Әлем біріншілігінің триумфаторларының бірі астаналық боксшы Рахат Маржықпаев болды! Бұл - астаналық бокс мектебінің тарихындағы бірінші әлем чемпионы. Ол 66 кг салмақта өнер көрсетті. Рахат ақтық сында өзінің әзірбайжандық қарсыласынан басым түсті. Спорт шеберлігіне үміткер (енді оған Қазақстан Республикасының спорт шебері атағы беріледі) Рахат Маржықпаев биылғы жылы өз салмақ дәрежесі бойынша Азия чемпионы болғанын естеріңізге саламыз.
Ертең таңертең елорда жұртшылығы астаналық бокс мектебінің алғашқы әлем чемпионын әуежайда салтанатпен қарсы алады.