«Біз отбасымызбен күйзелістік жағдайға ұшырадық. Кіші Шабақты көлінде демалып жаттық. Бірнеше сағат суға түстік. Сосын жиналып естелік үшін бірнеше суретке түстік. Сосын ғана сол түсірілген суреттердің бірінде қайғылы оқиғаның түсіп қалғандығын білдік», - деді Ұлан Әбішов өзінің Фейсбуктегі парақшасында.
Оның сөзіне қарағанда, суретке екі қыз бен жеткіншектің өмір үшін арпалысып жатқан сәті түсіп қалған. Олардың үрленген матрасы қатты желдің салдарынан аударылып кеткен.
«Оларға көмекке бірнеше жігіт келген, алайда олар тек баланы ғана судан аман алып шыққан. Өкінішке орай, қыздарды құтқара алмаған. Олар жағаға жетіп құтқарушыларды шақырған, алайда олар тек оқиға орнына бір сағатқа жуық уақытта жеткен. Осы уақытта бір сырттан көмексіз жағдайда отырып, алаңсыз суретке түстік. Әйелдер мен балалар жылап жатты. Көлде құтқару қызметі мүлде болған жоқ», - дейді оқиға куәгері.
Еске сала кетейік, бір тәулік ішінде тыйым салынған жерлерде еліміз бойынша 11 адам суға кеткендігін хабарлаған болатынбыз.