деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Өткен айда «Цеснабанк» АҚ-ның астаналық филиалына жер астынан қазылған тоннель арқылы тонау әрекеті жасалған болатын. Хабарланғанындай, қаскүнемдер банк ғимаратының маңында орналасқан тұрғын үйлерге тиесілі гараждардың арасынан банкқа алып баратын жер асты тоннелін қазған.
Қылмыскерлер банкты тонау ісіне алдын ала жіті дайындалғанға ұқсайды. Өйткені, қазылған тоннелдің ұзындығы 70 метрден астам, ал оның биіктігі адам бойымен бірдей. Топырақ шығаратын рельстер мен арнайы металл құрылғылармен жабдықталған. Сондай-ақ тоннельге электр жарығы тартылған.
«Ұсталған күдікті 2008 жылы мамыр-шілде айларында аталмыш банкте депозитарийді жалға алу туралы келісімшартқа отырған. Ұсталғанның айтуынша, депозитарий тоннельдің бағытын анықтауға және арнайы лазер құрылғысын пайдалана отырып, соңғы нүктені қазу үшін жалға алынған. Сонымен қатар ол тоннельді өткен жылдың тамыздың 8-інен бастап қазып, топырақты қаптарға салып, өзінің «Ниссан Санни» автомашинасымен қаланың қоқыс контейнерлеріне апарып төккен. Алдын ала есептеу бойынша, 15 айдың ішінде күдікті 118 текше метр, яғни 200 000 тоннаға жуық топырақты, шамамен 4 мың қапқа салып шығарған», дейді Қ. Жұманов.
Банктың дабыл қағу жүйесі банк ғимаратына ену сәтінде қағылғандықтан, қылмыскерлердің «ғасыр тонауын» жасау әрекеті іске аспады.
Қазіргі уақытта құқық органдары тонау әрекетін егжей-тегжей тексеріп, қалған қылмыскерлерді іздестіру үстінде.