Астаналық дәрігерлер Арыстағы жарылыстан зардап шеккен балалардың жағдайы туралы айтып берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Астаналық дәрігерлер Арыстағы жарылыстан зардап шеккен 8 жасар баланың бүгінгі жағдайына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«28 маусым күні түнгісағат 00:10-де Арыс қаласынан санавиация қызметімен 2005 және 2011 жылы дүниегекелген екі бала біздің ауруханаға жеткізілді. Екі бала да бас және кеудетұсынан жарақат алған. Бізге келіп түскенде екеуі де ес-түссіз күйде болды.Осындағы дәрігерлердің шұғыл әрекетінің нәтижесінде ота жасалды. Қазіргі таңда2005 жылы дүниеге келген жасөспірімнің жағдайы жақсарды. Баланың беті беріқарап, толық ем алғаннан кейін ол ауруханадан шығарылды», - деді №2 Нұр-Сұлтанқалалық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Айдын Әшімханов.

Оның айтуынша,екінші науқас ауыр халде қалып отыр.

«Екінші бала 2005жылы дүниеге келген. Оның жағдайы бүгінде ауыр, ол ми жарақатын алған. Науқасәлі есін жиған жоқ, арнайы құрылғымен ғана демалып жатыр. Біз өз тарапымызданқажетті ем-шараны қолданудамыз. Өзіміздің белді мамандармен қатар, баланыңжанын сақтап қалу мақсатында Ресейден арнайы нейрохирург мамандар шақырылды.Баланы система арқылы тамақтандырудамыз. Сондықтан оның денсаулығының жақсаруытек уақыт еншісінде», - деді ол.

Бұған дейінхабарлағанымыздай, бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Орталықкоммункациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында Арыстағыжарылыстан зардап шеккендердің қазіргі жағдайы туралы айтып өткен болатын.

«Арыстағы төтеншежағдай кезінде жараланғандардың басым бөлігі жазылып шықты. Қазір 3 науқас қанаауруханада жатыр. Біреуі - Алматыда, тағы біреуі - Шымкентте, үшіншісіНұр-Сұлтан қаласында жатыр. Алматы мен Шымкенттегі екеудің жағдайы оңалыпкеледі. Менің ойымша, жақында жазылып шығады. Ал Нұр-Сұлтан қаласындағы баланыңжағдайы өзгеріссіз», - дедіол.