Астаналық дәрігерлер ми ісігін емдеудің жаңа тәсілін ойлап тапты

АСТАНА. 11 шілде. ҚазАқпарат - Астанадағы Жедел медициналық жәрдем республикалық ғылыми орталығы мен Назарбаев Университетінің ғалымдары ми ісігін емдеудің жаңа әдістемесін әзірледі.

Осы жұмысқа қатысқан доктор Игорь Пономаревтің айтуынша, жаңа әдістемені сырқаты ем-домға көнбеген науқастар сынап көрді.

«Біздің әдістемеге дейін ол науқастар онкологиялық емдеудің барлық сатыларынан өткен еді. Қазіргі кезде олардың басым бөлігі еңбекке араласа бастады. Ал кейбірі мүгедек санатынан шығарылды», - дейді И.Пономарев.