Астаналық футболшылар Грузия чемпионатының қола жүлдегерімен жолдастық кездесу өткізеді

АЛМАТЫ. 27 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін «Астана» футбол клубы Түркияның Анталия қаласында екінші оқу-жаттығы жиынын бастады.

Ол 9 ақпанға дейін созылмақ. Астаналықтар өткен маусымда ел чемпионатында 4-орын алған болатын. Биыл бас бапкері ауысқан олар Олег Протасовтың жетекшілігімен  30 қаңтарда Грузия чемпионатының қола жүлдегері саналатын  Рустави қаласының «Металлруг» командасымен жолдастық кездесу өткізбек. Одан кейін 4 ақпанда Молдованың «Академия УТМ», ал 8 ақпанда Чехияның «Баник»  командаларымен сайысқа түспек. Содан аздаған үзілістен соң жаңа маусымға әзірлік кезіндегі соңғы оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Түркияға қайта оралмақ.