Матчтың алғашқы таймы 1:1 есебімен тең аяқталған болатын. Екінші тайм астаналықтардың айқын басымдылығымен басталды. Атап айтқанда, «Астана» сапындағы Серікжан Мұжықов 48 минутта гол салса, 49 минутта Патрик Твумаси қарсыластарының қақпасына үшінші голды салды. 69 минутта Патрик Твумаси тағы бір гол салып, есепті 4:1-ге жеткізді.
Еске сала кетсек, алғашқы ойында «Селтик астаналықтарды 5:0 есебімен тізе бүктірген болатын.