Олар бұл жиындағы соңғы бақылау матчын Ресейдің Ярославль қаласының «Шинник» командасымен өткізген еді. Кездесуде сербиялық Ненад Эрич қорғаған астаналықтар қақпасына енген 2 допты да ярославльдіктердің белоруссиялық жартылай қорғаушысы Владимир Корытько 11 метрлік айып добын орындау арқылы соқты. Ойынның бірінші жартысында бразилиялық қорғаушы Зелао есепті теңестірген болатын. Екінші таймда бұл мүмкіндікке команда капитаны, қорғаушы Қайрат Нұрдәулетов ие болды.
Ал Александр Побегалов жаттықтыратын ярославльдіктер бұған дейін 9 ақпанда 2012 жылы Қазақстан Премьер-лигасында ел чемпионатының қола жүлдегері атанған «Ақтөбе» футбол командасынан 1:0 есебімен басым түскен еді. 2003 жылғы маусымда Премьер-лига кубогының, ал 2003/04 жылғы маусымда Ресей кубогының жартылай финалына шыққан «Шинник» 2008 жылы Премьер-лигаға қайта оралғанымен, келесі жылы қайтадан Бірінші дивизионға түсіп қалған болатын. Ресей ұлттық футбол лигасының Бірінші дивизионында 2011/12 жылғы маусымда олар 4-орынға табан тіреді.