Астаналық футболшылардың қосалқы құрамы үшінші оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Ташкентке аттанады

АЛМАТЫ. 19 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Ертең «Астана» футбол клубының қосалқы құрамы оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Өзбекстан астанасына аттанады.

  Астаналықтардың бапкері Владимир Глевич оған қақпашылардан - Ерсін Хусайынов пен Александр Сидоровты; қорғаушылардан - Ербол Мұсабаев, Әнуар Төкенов, Радмир Муксинов, Максим Шауберт, Иван Навроцкий, Жанат Закиров, Кирилл Сазонов, Дмитрий Каминский, Дархан Көшербаев, Павел Халезов, Біржан Құлбековті;  жартылай қорғаушылардан: Арсен Инкарбеков, Жұмажан Мұсабеков, Азат Смағұлов, Ринат Хайруллин, Нұрсұлтан Құрманғали, Исламбек Құлекенов, Илья Беруашвили, Бауыржан Сейсенбековті;  шабуылшылардан: Байқоңыр Ыдырысов, Джаба Джамаришвили, Бимұхамед Бөкеев, Станислав Мирошниченко, Тимур Бахриден мен  Игорь Попадинецті шақырып отыр.  5 ақпанға дейін созылатын бұл жиында олар 6 жолдастық кездесу өткізбек. Қарсыластардың кім болатыны әзірге белгісіз.