Бұл туралы Астана қалалық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Қаңтардың 16-18 аралығында Лондонның «Аренадағы Солтүстік Гринвичінде» көркем гимнастикадан біліктілік сынақ жарыстары өтіп жатыр. Жеке біріншілікте 2011 жылы Францияның Монпель қаласында өткен сайыста жеңіп шыққан 25 гимнастика шебері өнер көрсетеді. Бұлардың арасында сонымен қатар еңбек нәтижелері олимпиадалық біліктілік сынағына жатпайтын ресейлік Евгения Канаева, Дарья Кондакова, өзбекстандық Әлия Гараева сияқты спортшылар да бар. Олар өздерінің лицензияларын әлдеқашан алып қойған. Сонымен қатар жарысты ұйымдастыратын елдің спортшысы ретінде Франческа Джонс та жарысқа қатысу мүмкіндігіне ие болды. Ал қалған спортшылар 5 олимпиадалық жолдама үшін сайысқа түсті. Олардың арасында қазақстандық Анна Алябьева да бар. Осы сайыста қазақстандық спортшының бағы жанып, олимпиадалық лецензияны жеңіп алды. Осыған байланысты ол биыл өтетін олимпиада ойындарында да өнер көрсететін болды.