Астаналық хоккейшілер Александр Белосоховты еске түсіруге арналған турнирде екінші орынға ие болды

АЛМАТЫ. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Ресейдің Новосібір қаласында өз жалауын түсірген А.Белосоховты еске түсіруге арналған турнирде Астана қаласының 'Барыс' хоккей клубы екінші орынға ие болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Тамыздың 16-сы күні  жалауын көтерген бұл жарысқа Қазақстаннан - 1, Ресейден - 4 хоккей клубы қатысты. Төрт күндік сында  Новокузнецк қаласының "Металлург» клубы турнир жеңімпазы атанды.    "Барыс"  алғашқы екі ойында алдымен алаң  иелерін (5:4)  одан кейін    омбылықтарды (2:1) ұтып, үшінші ойында  "Амурға" 1:2 есебімен  есе жіберіп алған болатын.