«Синегорья» кубогы сарапқа салынған турнирде Астана, Теміртау, Петропавл және Көкшетау қалаларының командалары бақ сынады.
Айта кетейік, «Номад», «Теміртау» және «Арлан» хоккей командалары өткен маусымда жүлдегер атанған болатын.
Бұл жолы финалдық ойында «Арлан» хоккейшілерін айқын басымдықпен жеңген астаналық «Номад» командасы турнир жеңімпазы атанды. Екінші орынға - «Арлан», үшінші орынға «Теміртау» командалары лайық деп танылды.
Турнир жеңімпаздары мен үздік ойыншыларға Ақмола облыстық ІІД басшылығы тарапынан бағалы сыйлықтар мен дипломдар тапсырылды.