АСТАНА. ҚазАқпарат - Астаналық әйел ер адамнан кепілде тұрған пәтер үшін алдын ала төлем ретінде 2 млн теңге алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық сотқа сілтеме жасап.
Ол астаналықтарға кепілде тұрған банк мүліктерін саудалауға қатыса алатындарын айтып, кепілдегі пәтерлерді нарықтағы бағадан төмен бағаға сатып алуды ұсынған.
Кейінірек, алаяқ әйел бір сатып алушыдан алдын ала төлем ретінде 2 700 000 теңге алып, өз қажеттіліктеріне жаратқан.
Оны Астана қаласы Сарыарқа ауданындағы №2 сот айыпты деп таныды және 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сот үкімі заңдық күшіне енді.
Айжан Серікжанқызы
Айжан Серікжанқызы Қасым Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің түлегі. Мамандық бойынша РФ Татарстанның Қазан қаласында, Польшаның Вроцлав қаласында тағылымдамадан өткен. 2017 жылдан бері ҚазАқпарат агенттігінде жұмыс істейді.