Іс-шара барысында Астана қаласының кітапханалары өз қорларындағы ең үздік әдеби шығармаларды, шетел әдебиеттері мен классикасы, философия, психология, мәдениет, өнер, ғылым тақырыбындағы және детектив жанрындағы кітаптарын мұнда келген оқырмандарға ұсынды. Табиғат аясында әрі ашық ашық аспан астында өткен шара барысында түрлі викториналар да ұйымдастырылды.
Шараны «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының Астана қалалық филиалы ұйымдастырды. Жазғы шараның мақсаты - астаналық жастардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, жас ақын-жазушыларымыздың шығармашылық талабын шыңдау болды.