Астаналық компания негізсіз айып үшін 500 мың теңгеге шығындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының №2 Алматы аудандық соты негізсіз айыпталған екі адамды ақтап алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сот материалдарына сәйкес, астаналық компания оларды Қылмыстық кодекстің 130-бабы, 2-тармағы (жария түрде, я болмаса, бұқаралық ақпарат құралдары немесе ақпараттық-коммуникациялық желілер арқылы жала жабу) бойынша жауапқа тартуды талап етті. Алайда, айыпталушылардың кінәсі дәлелденбеді. Сот үкімі аясында олар қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тартқаны үшін залалды өтеу құқығын пайдаланды.

«Астана қаласының №2 Алматы аудандық соты ақталған бір адамның 250 000 мың теңге көлеміндегі залалын, сондай-ақ 40 000 теңгеге өкілдіктік шығындарын, ал екінші адамның 150 000 теңге көлеміндегі залалы мен 30 000 теңгеге өкілдіктің шығындарын өтеу талаптарын қанағаттандырды», - делінген соттың ресми хабарламасында.