«Енді мемлекеттік жәрдемақылар туралы нақты ақпарат алу үшін, әрбір жекелеген жағдайда көмек түрін анықтау үшін немесе жұмысқа орналасуға, қысқа мерзімді курстардан өтуге көмек керек болған жағдайда чат-ботта сауалнама толтыру қажет», - делінген баспасөз хабарламасында.
Келіп түскен деректерді CRM жүйесі жаңартып отыратын болады. Бұдан әрі жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері қысқа мерзімде өтініш білдірушіге хабарласады. Бір сөзбен айтқанда, сандық байланыс қолдануға ыңғайлы және уақытты үнемдейді.
Чат ботқа өтетін сілтеме: https://t.me/qoldaubot