Пресс-конференция барысында: «Жаңа жыл десе ойымызға бірінші петардалар мен салют келетіні бәрімізге белгілі. Сәйкесінше, Астананың ТЖД осы бағыттағы алдын алу жұмыстарын бастамақ. Жаңа жыл қарсаңында дәстүрлі түрде жергілікті полиция қызметкерлерімен біріккен түрде рейдтер жүргізіледі. Сонымен қатар БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы пиротехникалық құралдарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздіктің негізгі ережелерін қалың жұртшылыққа жеткізуге тырысамыз»,- деді Еркін Отарғалымұлы.
Сондай-ақ, маман өнімді қолында арнайы сертификаты бар сатушылардан ғана алып, міндетті түрде өндіруші зауыттың нұсқаулығымен танысу керектігін атап өтті. Және де пиротехникалық құралдар өрт дабылдамасы мен бастапқы өрт сөндіруге арналған құралдармен жабдықталған арнайы металл контейнерлерде сатылуы керектігі айтылды. Мұндай контейнерлер өзге ғимараттардан кем дегенде 50 метр қашықтықта орналасуы керек екен.