«31 мамыр күні шамамен таңғы 10-да Төтенше жағдайлар комитетінің елордалық бөлімшесіне ерекше хабар келіп түсті. Тұрғындар Республика даңғылындағы №1 үй маңында ағаш бұтағында (шамамен 6 қабат биіктікте) мысыққа ұқсас жануардың отырғанын айтқан. Жануар өздігінен түсе алмағандықтан, куәгерлер құтқару қызметіне хабарласқан», - деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов .
Аталған мекенжайға Орталық аэромобильді жедел-құтқару жасағының бөлімшелері мен Астананың өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі жіберілген.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар ағаш бұтағында отырған аңның жанат екенін анықтады. Олар өрт сатысымен көтеріліп, жанатты жерге түсірді және «АстанаВетеринарлықҚызмет» МКК қызметкерлеріне табыстады.