Астаналық құтқарушыларға жаңа өрт сөндіру автокөліктері берілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы ТЖ департаментіне «Hiromax» жіңішке су шашқыш жүйесі бар АЦ-3-40 жаңа өрт сөндіру автокөліктері мен «CAFS» компрессиялық пеналы жүйесі бар АЦЛ-32 көліктері келді

Аталмыш автокөліктер орталықтандырылған жүйемен 2014 жылы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетімен алынған болатын, деп хабарлады astana.gov.kz.

«Hiromax» жүйесі бар АЦ-3-40 жаңа өрт сөндіру автокөлігі қалалық, ауылдық елді мекендерде, өндірістік нысандарда өртті сөндіруге арналған. Өрттерді сөндірудің жоғарғы тиімділігі микро тамшылар мен ауаның араласуы, өрт ошағына ауамен немесе басқа газбен жіберіледі. «CAFS» АЦЛ-32 өрт сөндіру автокөлігі 400 метрлік биіктікке арнайы қоспаның қысым арқылы жетуіне мүмкіндік береді.

Жаңа автокөліктер қиын жағдайларда, өрттерді сөндірудің мүмкіндігін жоғарылатады және оларды сөндірудің жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді.