Астаналық медицина қызметкерлеріне ағылшын тілін үйретуде

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дерматология және ЖҚАААЕО өз дәрігерлері мен медбикелеріне тегін ағылшын тілін үйретуде, деп хабарлады дерматология орталығынан.

«Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы аясындағы басым бағыттардың бірі - медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру. Оның ішінде халықаралық конференцияларға, конгрестерге, оқыту семинарларына, дәрістерге қатысу да жатады. Оқыту «Al-Safiya» шет тілдері орталығының оқытушыларының жетекші ағылшын басылымдар базасында құрастырылған әдіспен жүргізіледі.

Оқытуға қолайлы жағдайлар жасалды: сабақ болатын уақыт ыңғайлы, аптасына 4 рет жұмыс орнында бірнеше топта жүргізіледі.

Ақ халаттылардың ағылшын тілінде еркін сөйлеуі ЭКСПО 2017 көрмесінің шетелдік қонақтарына сапалы медициналық көмек көрсетуге септеседі.