Астаналық мұғалімдер өз әріптестеріне тренинг өткізеді

АСТАНА. 18 маусым. ҚазАқпарат - Астана қалалық Білім басқармасы «Астана таңдауы - 2012» байқауының «Үздік мұғалім» аталымының жеңімпаздарына өзге әріптестеріне тренинг өткізуді ұсынып отыр.

Басқарма қызметкерлері бұл шара өзге мұғалімдердің ынтасын арттыратынына сенімді.

Бұл бастаманы полицейлер, мұғалімдер мен қоғамдық көлік жүргізушілері қолдады.

Естеріңізге сала кетейік,  «Астана Тандауы-2012» байқауының жеңімпаздары Астана күнін мерекелеу күндері қорытындыланады. Астана тұрғындары «Лайықты қала тұрғыны», «Учаскелік инспектор», «Мұғалім», «Қоғамдық көлік жүргізушісі», «Дәрігер» сияқты 5 санаттағы үздіктерді таңдайды.