7 наурыз күні сағат 09:00-ден 14:00-ге дейін №2 қалалық көпбейінді аурухана өз есігін айқара ашады.
«Ашық есік күнін отбасын жоспарлау және репродукция бөлімі өткізеді, онда сіз гинеколог, КПОЗ дәрігері (кеңейтілген кольпоскопия), уроандролог, балалар гинекологы сияқты мамандардың кеңесін ала аласыз», - деп хабарлады клиникадан.
Сонымен қатар, бедеулік мәселелері бойынша кеңес алуға, бөлімшенің қалай жұмыс істейтінін білуге, дәрігерлермен танысуға және қызықтыратын сұрақтарды қоюға болады.
Мекенжайы: Тұрар Рысқұлов көшесі, 8, 4-қабат, г блогы, кабинеттер: № 410, 411, 412, 413.
Анықтама үшін телефон: 8 (7172) 43-27-25, 43-27-21, 43-27-53.