Астаналық нейрохирург Оралда шеберлік дәрісін өткізді

None
ОРАЛ. 13 шілде. ҚазАқпарат - «Республикалық нейрохирургиялық ғылыми орталық» АҚ-ның жұлын ней­рохирургиясы бөлімінің меңгеру­шісі, медицина ғылымдарының док­торы,

жоғары санатты нейрохирург Талғат Керімбаев Батыс Қазақстан облыстық ауруханасында шеберлік дәрісін өткізді.

Оның айтуынша, озық технологияға негіз­дел­ген құрал-жабдықтар Ба­тыс Қазақстан об­лыстық клини­ка­лық ауруханасына алыну­да. Енді кәсіби біліктілікті көтере беру керек. Мұнда бі­рінші ота мойын омыртқа шеміршегіне америкалық жү­йе бойынша жасалды. Иннова­циялық негізде жасалған бұл ота - ТМД аумағында тек Қазақстанда ғана жүзеге асатын ем-домдық тәсіл. Әді­сі - жұлын­ның қысы­мы босатылып, шеміршек алынады. Орнына имплантант салына­ды. Екінші ота омыртқаның жылжуына жасалды. Дегере­ни­цикалық өзгерістерден омырт­қа жылжып, жүйке қысы­лып қа­лып жатады. Жасанды имплан­тант, омыртқа­ның тұрақты­лы­ғын қамтамасыз ететін конс­трук­­циялар қойылады. Екеуі де сәтті өтті. Жаб­дық­тардың мүмкін­дігіне сай ота жасау жалғасады.

Астанадағы «Республикалық нейрохирургиялық ғылыми ор­та­лықта» шетелдің мықты ға­лымдары шақырылып, шеберлік дәрістері, семинар-кеңестер, оқу курстары өткізіліп тұрады. 2008 жылы ашылған орталыққа бүгіннің өзінде 40 шақты инновация енгізілген. Әлем нейрохирург­тары қауымдастығының съездері, әлем нейрохирургтарының ХХ конгресі өтті. Енді орталық­тың хирургтары олардан үйрен­ген ілімін осылай барлық аймақ­тың мамандарына таратуда.

Ғылым докторының Оралда өткізген оталарына облыстық аурухананың хирургтары қатысып, тиісті машық алды. Мұндай күрделі оталар бұдан әрі облыстық ауруханада жасала беретін болады.