«Өрт сөндірушілер бірден арнайы баспалдақты қолданып, терезе арқылы адамдарды құтқаруға кірісті. Өкінішке орай, қалың түтіннің салдарынан баспалдақ алаңы арқылы адам эвакуациялау мүмкін болмады», - дейді аға лейтенант Кенжеғұлов.
Шұғыл шаралардың нәтижесінде 5 адам құтқарылды. Олардың ішінде төртеуі - бала.
«Төтенше жағдайлар кенеттен болуы мүмкін, бұндай жағдайларға әр уақытта дайын болу керек және өрт қауіпсіздігі ережелеріне салғырттықпен қарауға болмайды», - дейді құтқарушылар.