Астаналық орталық базарда болған өрт толық ауыздықталды

АСТАНА. 29 қаңтар. ҚазАқпарат - Астаналық орталық базарда болған өрт сағат 15:11-де толық ауыздықталды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Астана қаласының ТЖ бойынша департаментінің баспасөз хатшысы Бибігүл Есмағамбетова хабарлады.

Бұрын хабарланғандай, Астананың София тас жолында орналасқан орталық базарында 1000 шаршы метр аумаққа тараған өрт болды.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жергілікті уақыт бойынша сағат 11:09-да келіп жетті. Тілсіз жаумен күресте 17 негізгі, жеті арнайы өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Мамандандырылған өрт сөндіруші көпатқарымдық техника қатыстырылды, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.