Бұл туралы бүгін өткен брифингте Астана қалалық ІІД бастығының бірінші орынбасары Арман Оразалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Барыс» алдын алу іс-шарасы ІІД-нің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және жол полициясы басқармаларының, сондай-ақ «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімшесінің қызметкерлерімен өткізілуде.
«Оның барысында азаматтардан 46 таяқша, 3 жалған куәлік, «Оса» және «Стражник» үлгісіндегі 12 зақымдаушы тапанша мен 2 Макаров тапаншасы тәркіленді. Полиция қызметкерлерінің көмегімен 7 топтасқан төбелес тоқтатылды, олардың бірінде 90 адамның қатысуы жоспарланған», деп атап өтті ол.
А.Оразалиевтің айтуынша, ірі төбелеске қатыспақ болғандардың басым бөлігі жастар. Қазір қақтығыстың себептері анықталуда.