Ведомство баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2011 жылдың басынан бастап 166 қылмыстық іс қозғалып, оның 82-сі Астана қаласының аумағында есірткі заттарын өткізумен айналысатын тұлғаларға қатысты қозғалған.
Полиция қызметкерлері 20 есірткі сататын орынды анықтады, оның 2-еуі жойылып, «жеткізуді бақылау» әдісі бойынша бір арнайы операция жүргізілді.
Есірткінің заңсыз айналымынан 225 келіден аса есірткі заттары алынды, оның ішінде 5 келіден аса «героин» тәркіленді.
Қала аумағында ҚР ӘҚБК-нің 320-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасаған 195 адам анықталды. 2011 жылдың есеп беру кезеңінде ҚР ӘҚБК-нің 320-бабы бойынша заңнамаға өзгерістер енгізілуімен байланысты 80 адам тұтқындалып (659 тәулік мерзіміне), 37 адамға 479 мың 304 теңге сомасында айыппұл салынды.
«Астана - есірткісіз қала» өңірлік бағдарламасын орындау бойынша және «2009-2011 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының есірткі бизнесімен және нашақорлықпен күрес бағдарламасына» сәйкес елордалық ІІД-нің қызметкерлері Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының өкілдерімен, Астана қалалық «Нұр Отан» ХДП филиалының белсенділерімен және Астана қаласының жастар саясатын қолдайтын мемлекеттік қорымен бірге 19 тамыз күні елорда аумағындағы жедел жағдайды оңалту, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, балалардың қараусыздығының алдын алу, «қоғамдық орындарда темекі шекпеу» заңнамасын бұзу фактілерін анықтау бойынша, сонымен қатар, қаланың көңіл көтеретін орындарында психотроптық және есірткі заттарын тарату мен қолдану, жастардың бос уақыттары өтетін орындарда есірткі заттарын таратушы тұлғаларды анықтау мақсатында рейдтік -профилактикалық іс-шаралар өткізілді.
Рейд барысында елордалық демалыс орындарының әкімшілігі мен онда қызмет көрсететін тұлғаларға Қазақстан Республикасы заңнамасына өзгерістер енгізіліп, есірткі қылмыстары үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктердің қатаңдатылғаны жөнінде түсіндіріліп, профилактикалық әңгімелер жүргізілді.
Мәселен, жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде дәмхана ғимаратында 1992 жылы туған елорда тұрғыны, колледждің 3 курс студенті, «Т» есімді азаматтан салмағы 5 грамм «марихуана» табылды және 1980 жылы туған, Қарағанды қаласының тұрғыны, бұрын бірнеше рет сотталған «Я» есімді азаматтан салмағы 30 грамм «гашиш» тәркіленіп, екеуі де қамауға алынды.