Кездесу барысында Астана қалалық ішкі істер департаменті Ардагерлер кеңесінің төрағасы Есім Танабергенов мектеп түлектерін, педагогикалық ұжымды биылғы жаңа оқу жылымен және Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдық мерейтойымен құттықтады. Конституцияның адам өміріндегі маңызын ертеңгі белгілі бір кәсіптің маман иелеріне түсіндіре отырып: «Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Тәуелсіз Қазақстанның жастары, нақ сендер елдің ең бастығы байлығы болып табылатындарыңды және біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасының болашағы сендерге байланысты екенін есте ұстаңдар!» - деген сөзі жастарға сеніммен қоса үлкен міндеттер жүктейді. «Өйткені еліміздің ертеңі сіздердің, бүгінгі жастардың қолында. Болашақ жастардың қолында десек, ертеңгі келешегімізді заманымыздың қазіргі талабына сай ғылым мен техниканы жетік меңгерген жастар басқаратын айдан анық» - деді ол. Сондай-ақ Есім Кәрібайұлы оқушылардың түрлі сауалдарына жауап берді.
Кездесуді қорытындылаған мектеп директоры Жұмағазы Әлпішов Астана қалалық Ішкі істер департаментінің басшылығына аға буынның бүгінгі жастардың тәрбиелеуге атсалысқандары үшін алғысын білдірді.