Астаналық шенеуніктер қоғамдық көліктерге міне бастады
10:28, 29 Шілде 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Асхат Оралов өзінің Facеbook-тегі парақшасында №25 бағыттағы автобустың кондукторымен түскен суретін жариялады.
Суреттің автобус ішінде түсірілгені көрініп тұр. «Барлық қалаларда жастар пайдаланатын көлік түрі автобус екені белгілі. Астанада да солай. Сондықтан жастар қала әкімінің бастамасын толық қолдайды»,-деп жазды Асхат Оралов.
Айта кетейік, Астана әкімі Әсет Исекешев елорда әкімдігінде болған мәжілістердің бірінде қала басшыларына қоғамдық көлікпен жүруді тапсырған болатын.
«Елорда басшылары, қала әкімінен бастап, оның орынбасарлары, аудан әкімдері мен олардың орынбасарлары, сондай-ақ басқарма басшылары, ұйымдар мен мекемелердің жетекшілері күніне ең құрығанда бір рет қоғамдық көлікпен жүрулері керек»,-деді қала басшысы.