деп хабарлады елордалық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан.
Сиязбек - Токиода жасөспірімдер арасында өткен Азиялық паралимпиялық ойындарда төрт медаль - екі күміс және екі қола медаль жеңіп алды. Ол Қазақстан құрамасына кірген жалғыз астаналық спортшы болды. Қазақстан құрамасы тұңғыш рет 22 медаль қанжығалап қайтты. Ойындарға әлемнің 26 елінің өкілдері қатысты. Сиязбек Далиев жүзу жарысына қатысқан екі қолы жоқ бірден бір спортшы болды. Конкурс номинанттары жалпы дауыс беру әдісімен таңдалып, астаналық жас «Жыл спортшысы» аталымында жеңімпаз болып отыр.
Сиязбек - елордалық «Қайсар» клубының тәрбиеленушісі.