«2023 жылғы 17 тамызда Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұрып-соғу фактісі бойынша А. қатысты істі қарады.
Сот А. кәмелетке толмаған Ж.-ның әпкесі екенін, жиенінің балабақшаға барғысы келмегені үшін күш қолданғанын, бірақ денсаулығына аса зиян келтірмегенін анықтады. Оның кінәсі мойындау айғақтарымен, заңды өкілдің түсіндірмелерімен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, бейнежазбамен және істің басқа материалдарымен дәлелденген. А.-ның баланың ата-анасымен татуласуына байланысты және ата-ана өтінішімен іс тоқтатылды», - деп жазылған қалалық соттың ресми сайтында.
Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, Астанада балабақшаға барғысы келмеген кішкентай қызды ұрған туысына әкімшілік іс қозғалған еді.
Белгілі болғанындай, 14 тамыз күні таңғы уақытта 5 жасар қыз балабақшаға барғысы келмеген. 17 жастағы туысы оның бұл әрекетіне наразылық білдірген.
Бұл оқиғаға ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева да пікір өзінің Facebook парақшасында пост жариялады.