деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кездесуге қатысқан «Невада - Семей» қозғалысының белсенді мүшесі, еліміздің еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, әртіс Хамит Мәмбет әуезді музыканың ырғағымен Олжас Сүлейменовтың шығармаларын орындап, «Невада - Семей» қозғалысының қызметінен қызықты естеліктер айтты. Іс-шара аясында Еуразия ұлттық университетінің студенттері «Әлем бойынша ядролық қару-жарақты пайдалануға қарсымыз!» ұранымен таратылған үндеуге қосылып, «Невада - Семей» ұйымының бастамаларына қолдау білдірді.