Шараға жол-патрульдік полиция мен көші-қон полициясынан, кедендік бақылау бөлімшелерінен 500-ден астам қызметкер тартылды. Тәртіп сақшылары кедендік заңнаманың бұзылуы жағдайларын анықтау мақсатында басқа мемлекеттерден әкелінген барлық көлік құралдары мен шетелдік жүргізушілерді тексеретін болады. Қандай да бір әкімшілік заң бұзушылықтар анықталған жағдайда шетелдіктерге әкімшілік шара қолданылып, олар Қазақстан аумағынан аластатылады. ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері жол қозғалысы ережелерін бұзған 26 мыңнан астам шетелдік жүргізуші тіркелген. Соның ішінде олардың қатысуымен 28 жол-көлік оқиғасы орын алған, оның салдарынан 28 адам көз жұмып, 58 адам жарақаттанған.
10:48, 24 Қазан 2014
Астаналық тәртіп сақшылары шетелдік жүргізушілерді тексеруді күшейтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада «Транзит» жедел алдын алу шарасы аясында шетелдік жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауына, сондай-ақ Қазақстан аумағына уақытша әкелінген көлік құралдарын заңсыз пайдалану талаптарына бақылау күшейтілді. Бұл туралы Астана қаласының ІІД әкімшілік полиция басқармасынан хабарлады, деп жазады елорда әкімдігінің сайтында.